Жаңалықтар

14 мыңнан астам кәсіпкер төлемнен босатылды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының мәліметінше, 1 қазаннан 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлер әлеуметтік төлемнен босатылады.

Бұл ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша жүзеге асып отыр.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдердің ставкаларына «0» коэффициенті белгіленген. Оның ішінде жеке  практикамен айналысатын адамның  жеке табыс салығы, жеке кәсіпкердің әлеуметтік салығы мен міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бар. Нөлдік ставка  салық төлеушілер мен олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады.

Жаңа өзгерістер бірінші қазаннан бастап қолданысқа енгізілді. Жалпы облыста 14 мыңнан астам кәсіпкер төлемнен босатылған.

К.СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button